«ЖАРНАМА - ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

«ЖАРНАМА - ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған «Жарнама -тіл тазалығының көрінісі» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жарнама мәтіндерінің сауатты әрі талапқа сай жазылуын насихаттау, сондай-ақ қоғамдық ортадағы тіл мәдениетін қалыптастыру.

Іріктеу барысында өңірдегі жарнамалардың тілдік сауаттылығы мен мемлекеттік тіл нормаларына сәйкестігіне назар аударылып, үздік жұмыстар сараланды.

Байқау – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, «Сауатты жарнама - мәдениетті қоғамның көрінісі» қағидатын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

 Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі