ТҮРКІСТАНДА «БАЛТАҢДАЙ» ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «БАЛТАҢДАЙ» ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған «Балтаңдай» облыстық балалар өнер фестивалінің алғашқы күні жоғары деңгейде өтті.
 
Өнер фестивалі жас дарындарды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылуда. Аталған фестивальге облыстың барлық аудан-қалаларынан және шығармашылық өнер орталықтарынан келген жас өнерпаздар қатысып, өз бақтарын сынауда.
 
Байқау ән, би, сурет, терме және драма жанрлары бойынша өтуде. Биыл фестивальге барлық жанр бойынша 500-ге жуық өтінім түсіп, іріктеу кезеңінен 90-ға жуық үміткер мен шығармашылық ұжым жолдама алған.
 
Фестивальдің алғашқы күнінде эстрадалық ән айту, хореография және көркем сурет жанрлары бойынша қатысушылар бақ сынап, жеңімпаздар анықталды.
 
Эстрадалық ән айту жанры бойынша:
 
Бас жүлде – Тұрсын Тұнық (Алматы қаласы)
 
І орын – Бекбосын Кәусар (Шымкент қаласы)
 
ІІ орын – Өмірзақ Жанель (Ордабасы ауданы)
 
ІІ орын – Амангелді Мадина (Түркістан қаласы)
 
ІІІ орын – Исабек Маржан (Түркістан қаласы)
 
ІІІ орын – Валихан Саян (Түркістан қаласы)
 
Хореография жанры бойынша:
 
Бас жүлде – «Бозторғай» ән-би ансамблі (Тараз қаласы)
 
І орын – «Жас толқын» би тобы (Алматы қаласы)
 
ІІ орын – «Жұлдыз» өнер мектебі (Шымкент қаласы)
 
ІІ орын – «Бақыт» би мектебі (Жамбыл облысы)
 
ІІІ орын – «Бақыт айдынында» би орталығы (Отырар ауданы)
 
ІІІ орын – «Мизам» би тобы (Бәйдібек ауданы)
 
Көркем сурет жанры бойынша:
 
Бас жүлде – Нұрболқызы Айым (Кентау қаласы)
 
І орын – Жұмабек Айару (Түлкібас ауданы)
 
ІІ орын – Алиева Басты (Сайрам ауданы)
 
ІІ орын – Әділхан Таутұлға (Отырар ауданы)
 
ІІІ орын – Убайда Дильназ (Кентау қаласы)
 
ІІІ орын – Бегалиева Аяна (Төлеби ауданы)
 
Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар қатысушыларға арнайы жүлделер табысталды.
 
Айта кетейік, «Балтаңдай» облыстық балалар өнер фестивалі дәстүрлі түрде 2022 жылдан бері өткізіліп келеді.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі