ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН МАҚАМДАРЫ» ДӘСТҮРЛІ ӘН ОРЫНДАУШЫЛАРЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН МАҚАМДАРЫ» ДӘСТҮРЛІ ӘН ОРЫНДАУШЫЛАРЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Оңтүстік өңірінің ән-терме орындаушылық мектебін қалыптастыру мақсатында республикалық «Түркістан мақамдары» дәстүрлі ән орындаушылары байқауы өтті.
 
Іс-шараны Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Ерназаров ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
Байқаудың негізгі мақсаты - ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттау, тіл мәдениетін дамыту, ұлттық дәстүрді дәріптеу, өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіру, сондай-ақ Оңтүстік өңірінің дәстүрлі ән-терме өнерін жаңғыртып, ұмыт бола бастаған шығармаларды қайта сахнаға шығару болып табылады.
 
Байқаудың жоғары деңгейде әрі әділ өтуіне дәстүрлі ән өнерінің білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы төрелік етті. Биыл дәстүрлі ән жанры бойынша екінші рет ұйымдастырылған өнер додасына еліміздің барлық өңірінен келген 17 қатысушы қатысып, бақ сынады.
 
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей:
 
Бас жүлде – Нұртуған Абылайұлы (Алматы қаласы)
 
I орын – Бекарыс Көштаев (Астана қаласы)
 
II орын – Наргиза Нұрлан (Қарағанды облысы)
 
II орын – Құнанбай Жалын (ҚХР, Іле аймағы)
 
III орын – Бейсен Айдын (Абай облысы)
 
III орын – Абзал Тұрғанбек (Түркістан облысы)
 
III орын – Алмасқожа Музаппаров (Шымкент қаласы)
 
Сондай-ақ байқау аясында арнайы жүлделер табысталды.Қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі