Байқаудың негізгі мақсаты - қазақ халқының бай тарихын, батырлардың ерлігі мен елдік рухын жас ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық мұраны насихаттау және ауыз әдебиетіндегі эпостық жырларды дәріптеу болды.
Байқауға өңірдің барлық аудан, қалаларынан жас дарындар қатысып, қазақтың батырлық жырларын нақышына келтіре орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Айдар Көркем (Арыс қаласы)
I орын – Төрехан Інжу (Түркістан қаласы)
II орын – Әлібек Жақыпбек (Сарыағаш ауданы)
II орын – Абибулла Іңкәр (Арыс қаласы)
III орын – Балнұр Кенжеқызы (Жетісай ауданы)
III орын – Накипбек Жұлдызай (Жетісай ауданы)
III орын – Серік Жансель (Шардара ауданы)
жүлделі орындар анықталып ,сонымен қатар бірқатар қатысушылар арнайы жүлделермен марапатталды.