ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін «Ұлы Дала Елі» рухани-мәдени орталығы және Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Сейітқұл әулие Әйтеке би қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен Ордабасы құрылтайының 300 жылдығына орай «Қазақ қоғамындағы билер институты: тарих және тағылым» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
 
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - қазақ қоғамындағы билер институтының қалыптасуы мен даму тарихын зерделеу, тарихи тұлғалардың ел өміріндегі рөлін айқындау және осы бағыттағы ғылыми зерттеулерді насихаттау болып табылады.
 
Конференция барысында қатысушылар секциялық отырыстарда бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Ордабасы құрылтайының тарихи маңызы, билер институтының қалыптасу кезеңдері, билердің шешендік өнері мен фольклорлық мұрадағы орны, сондай-ақ қазақ қоғамындағы билердің атқарған қызметі жан-жақты қарастырылды.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі