САНА БИІГІНДЕГІ ЗАҢҒАР ТҰЛҒА: ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

САНА БИІГІНДЕГІ ЗАҢҒАР ТҰЛҒА: ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың рухына арналған «САНА БИІГІНДЕГІ ЗАҢҒАР ТҰЛҒА» атты тағылымды еске алу кеші өтті.
 
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасы жан-жақты таныстырылып, оның ұлттық руханиятқа қосқан зор үлесі кеңінен насихатталды. Кеш бағдарламасы Мұхтар Шахановтың өз дауысымен жазылған үнтаспадан бастау алып, әдеби-көркем композициялармен жалғасты.
 
Бағдарлама аясында кітапхана қызметкерлері мен жас өнерпаздардың қатысуымен поэзиялық оқулар ұйымдастырылып, патриоттық әндер орындалды.Кеш барысында «Танакөз» поэмасынан үзінділер оқылып, «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Арыс жағасында» әндері көрермен назарына ұсынылды.
 
Іс-шара аясында ашық микрофон алаңында қатысушылар ақын шығармаларынан өлеңдер оқып, ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, кітап оқуды насихаттау мақсатында үздік оқырмандар мен кітапхана белсенділері марапатталды.
 
Айта кетейік, кеш ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мазмұнды мәдени-рухани іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі