Қолөнершілер орталығында «Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат» атты эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық байқау ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Шараның негізгі мақсаты - ұлттық ауыз әдебиетін кеңінен насихаттау, батырлар мұрасын ұлықтау, жас ұрпақтың рухани танымын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау қорытындысы бойынша
Бас жүлде - Басымбек Бинұр (Мақтаарал ауданы)
I орын - Өтебек Аяулым (Түркістан қаласы)
II орын - Ергешбай Айзере (Қазығұрт ауданы)
II орын - Бейсенбай Айханым (Шардара ауданы)
III орын - Нурмурат Нұраят (Жетісай ауданы)
III орын - Рахымбай Құрманай (Қазығұрт ауданы)
III орын - Момиш Алмаз (Кентау қаласы) жүлделі орындар анықталып ,сонымен қатар қатысушыларға арнайы жүлделер табысталды.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.