ТҮРКІСТАНДА «КӨРНЕКІ АҚПАРАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «КӨРНЕКІ АҚПАРАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен "Көрнекі ақпаратқа қойылатын талаптар" атты облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Алдашұлы, Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының мамандары өз тәжірибесімен бөлісті.
 
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың тілдік сауаттылығын арттыру, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру және осы бағытта әдістемелік көмек көрсету болды.
 
Семинарда сала мамандары өзара тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері, ғалымдар мен мамандар қатысты. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға көрнекі ақпараттарды рәсімдеу және орналастыру барысында заң талаптарын сақтау, тілдік нормаларды дұрыс қолдану бағытында нақты ұсыныстар берілді.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі