«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастыруымен «Түнгі кітапхана» жобасы аясында «Өзге әлем» атты әдеби-шығармашылық кездесу өтті.
Кеш қонағы ақын, жазушы, сценарист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шархан Мұхаммед-Қанапия оқырмандармен мазмұнды жүздесу өткізді.
Дүниежүзілік жазушылар күніне орай ұйымдастырылған рухани басқосуда қаламгердің «Ұры», «Өзге әлем», «Жұма», «Сіз кімсіз?» шығармаларынан көріністер ұсынылып, поэзиялық оқулар оқылды. Еркін форматтағы сұхбат барысында автор шығармашылығы, заманауи әдебиет пен қоғам тақырыбы кеңінен қозғалды.
Сондай-ақ зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, оқырмандар ашық пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. «Рояль» туындысы аясында қаламгердің ішкі толғанысы мен қоғам тынысы терең талқыланды.
Айта кетейік,түнгі кітапхана атмосферасында өткен рухани кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, сөз өнерінің құдіретін тағы бір мәрте айшықтай түсті.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі