Түркістан музыкалық-драма театры МузАРТ тобының 25 жылдық шығармашылық жолына арналған мерейтойлық қойылымды Республика сарайы сахнасында жоғары деңгейде сахналады.
Кеш барысында ұжымның қалыптасу кезеңі, өнердегі ізденістері мен толағай жетістіктері сахналық көріністер арқылы әсерлі түрде баяндалды. Қойылым мазмұндық тереңдігімен, кәсіби шеберлігімен және көркемдік шешімімен ерекшеленді.
Мерейтой аясында көпшілікке кеңінен танымал әндер орындалып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Айта кетейік, мерейтойлық қойылым 3 наурыз күні Талдықорған қаласында жалғасын табады.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі