Қойылым жәй ғана жаңа қойылым емес, ұлттық жадты жаңғыртқан рухани оқиға. Қойылымда табалдырық қарапайым босаға ретінде емес, адамның шыққан төрі, өмір бастауы, ата-ана аманатының киелі шегі ретінде бейнеленеді. Кейіпкерлер тағдыры арқылы перзенттік парыз, туған жерге тағзым, кешірім мен кешу, ар мен ұят таразысы терең психологиялық иірімдерін ашады. Қойылымның қоюшы режиссері - Мәдениет саласының үздігі, актер Айдар Наурызбаев.