Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-6-бабына сәйкес тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинарға тіл заңнамасының сақталуына жүргізілетін тексеру жұмыстарына қосымша тартылатын сарапшылар, аудандық және қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің, тілдерді оқыту орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Оқыту семинары барысында тексеру жүргізудің тәртібі мен оның практикалық қырлары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, тексеру жұмыстарына тілдерді дамыту мәселесіне жауапты басқарманың тілдерді дамыту, заң және кадр бөлімдерінің қызметкерлері қатысатыны атап өтілді.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі