
Сонымен қатар облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов түрлі номинациялар бойынша үздік еңбек адамдарын марапаттады. Олардың қатарында дәрігер, мейірбике, шекарашы, экономист, баспасөз қызметі, жас белсенді, ерікті, коммуналдық шаруашылық қызметкері, орманшы, көркемөнерпаздар ұжымы, өнерпаздар, қаламгер, суретші, кітапханашы, жаттықтырушы, спортшы, архивист, әлеуметтік қызметкер, мал дәрігері, құрылысшы, жол құрылыс мекемесі бар.
▪️Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламаға ұласты. Елге танымал әншілер мен өңірдің өнерпаздары әннен шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі