МАЛАЙЗИЯ ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

МАЛАЙЗИЯ ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданғанына 35 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында жоғары деңгейде аталып өтті.
 
Мәдени шара ҚР-ның Малайзиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, Қазақстанның ұлттық өнерін халықаралық сахнада кеңінен таныстыруды мақсат етті.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның өнер ұжымы арнайы шақырылып, қонақтарға қазақ халқының дәстүрлі музыкасы мен би өнерінен керемет концерттік бағдарлама ұсынды.
 
Концертке Малайзия қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпустың өкілдері, шетелдік қонақтар және т.б қатысты.
 
Көрермендер қазақ халқының өнеріне зор қызығушылық танытып, орындаушыларды ұзақ қошеметке бөледі.
 
Айта кетейік, аталмыш іс-шара Қазақстан мен Малайзия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтып, қазақ өнерін әлемге насихаттауға арналған маңызды жиынның бірі.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі