Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің аға прокурорларының қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу барысында бірыңғай электронды платформада (ӘІБТ) жұмыс істеудің тәртібін түсіндіру мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды.
Шара барысында жаңа енгізілген құқықтық нормалардың мазмұны жан-жақты түсіндіріліп, олардың практикалық қолданыстағы ерекшеліктері талқыланды. Сонымен бірге тілдерді дамыту саласындағы құрылымдық бөлімшелердің атқарып келе жатқан жұмыстары, тәжірибелері және өзекті мәселелері ортаға салынды.
Аталған семинардың мақсаты - сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, әкімшілік іс жүргізудегі жаңа талаптарды біріздендіру және цифрлық жүйемен жұмыс сапасын күшейту.
Семинарға аудандық және қалалық тіл бөлімдерінің қызметкерлері, тілдерді оқыту орталықтарының мамандары және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
Семинарға қатысушылар әкімшілік іс жүргізу барысындағы цифрлық процестерді тиімді жүзеге асырудың әдістемелерімен танысып, нақты жағдайлар арқылы практикалық дағдыларын жетілдірді. Сондай-ақ, ӘІБТ платформасында құжаттарды рәсімдеу, тіркеу, жолдау және бақылау тетіктері бойынша толыққанды нұсқаулық берілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар беріліп, өздері қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі