ДОСЫМЖАН ТАҢАТАРОВТЫҢ «БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ» АТТЫ КЕШІ ӨТТІ

ДОСЫМЖАН ТАҢАТАРОВТЫҢ «БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ» АТТЫ КЕШІ ӨТТІ
🔹Киелі Түркістанда танымал әнші Досымжан Таңатаровтың «Біздің елдің жігіттері» атты ән кеші өтті.
 
🔹Концерт барысында ұлттық музыка өнерінің қадір-қасиеті, қазақ әнінің тереңдігі және сахна мәдениетінің биік үлгісі айқын көрініп, әрбір шығарманың ішкі мәні мен рухани қуаты тыңдарман жүрегіне жол тауып, ұлттық өнердің ұрпақ санасындағы орнының мәңгілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
 
🔹Концерттің көркін келтіріп, сахнаның ажарын ашқан Қазақстанның танымал өнер иелері - Саят Медеуов, Ардақ Балажанова, Бақытжан Желдірбаев, DJ.Dake өз жылуы мен шынайы орындау шеберлігі арқылы көрермен ықыласына бөленді.
 
🔹Айта кетейік, Ән әлеміне саяхат сыйлаған бұл кеш көрермен үшін ерекше есте қаларлық, рухани әсерге толы сәттерге айналды.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі