ТҮНГІ КІТАПХАНА ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ ӨТТІ

ТҮНГІ КІТАПХАНА ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ ӨТТІ
🔹Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында жыл бойы жүзеге асқан «Түнгі кітапхана» жобасының қорытынды кеші өтті.
 
🔹Кештің салтанатты ашылуында Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Серікұлы және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Әмірбекұлы сөз сөйлеп, шараның маңызын атап өтті.
 
🔹Кеш барысында Сайлаухан Жолановтың «Шағала шабыт - теңіз жыр» атты жаңа жыр жинағының тұсауы кесіліп, әдеби қауымға ерекше серпін сыйлады. Сонымен бірге көрермендер Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Шәмші Қалдаяқов және Қадыр Мырза Әлі сынды рухани алыптардың шығармаларымен сусындады. Ақын Сайлаухан Жоланов өзінің жаңа өлеңдерін оқып, кештің мазмұнын одан әрі байыта түсті.
 
🔹Шараға ел руханиятының майталмандары, ақын-жазушылар, өнер және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш басталар алдында кітапхана фойесінде 60-70-жылдар атмосферасын бейнелейтін арнайы көрме ұйымдастырылды.
 
🔹Айта кетейік, кеш оқырман мен қаламгерді тоғыстырған, поэзия мен музыкаға жақындатқан нағыз рухани алаңға айналды. «Түнгі кітапхана» жобасы алдағы уақытта да жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды жалғастырады.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі