
Түркістан қаласында қазақ күй өнерінің кеңістігінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші-композитор, профессор Бөрі Исаның 80 жылдық мерейтойына арналған «Шоқтығы биік - Бөрі Иса!» атты кеш өтті.
Ұлттық өнерді ұлықтаған бұл шара «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен, филармония әншілерінің қатысуымен жанды дауыста ұсынылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков кештің шымылдығын ашып, мерейтой иесіне жүрекжарды лебізін жеткізді. Сондай-ақ облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішев және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың құттықтау хаттарын табыстады.
Айта кетейік,шара ұлттық өнердің мәртебесін көтеріп, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған айтулы мәдени оқиға ретінде есте қалды.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі