РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН ДАУЫСЫ» ЭСТРАДАЛЫҚ ЖАС ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  «ТҮРКІСТАН ДАУЫСЫ» ЭСТРАДАЛЫҚ ЖАС ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 Республикалық «Түркістан дауысы » эстрадалық жас орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті.Екі күнге созылған ән додасында еліміздің әр аймағынан келген 17 жас талант өз өнерлерін көрсетті.

 Байқау ережесіне сәйкес, қатысушылар сайыстың алғашқы күнінде Қазақстанның танымал композиторларының әндерін шырқаса, екінші кезеңде өз таңдауы бойынша еркін тақырыптағы шығарманы орындады. Жас орындаушылардың өнерін еліміздің белгілі өнер майталмандары Маржан Арапбаева, Бағлан Омаров, Мархаба Сәби, Әли Оқапов және Мейіржан Алиакбаров қазылық етіп, әділ баға берді.

 Қазылар алқасының шешімімен республикалық «Түркістан дауысы» жас орындаушылар байқауында Ақерке Амалят бас жүлде иегері атанды. Жүлделі І орын Бағдаулет Ермахан мен ІІ орын Гимран Нұрайымға бұйырды. Ал Жанұзақова Нарғыз және Жанай Бүркіт ІІІ орын иегерлері атанды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы жүлде мен марапат табысталды.

 Айта кетейік, биыл «Түркістан дауысы» байқауына 5 жыл толды. Осы уақыт ішінде жоба көптеген жас орындаушылардың танылуына жол ашып, өнер әлемінде өз орнын қалыптастырды.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.