ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ» ЖОБАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ» ЖОБАСЫ ӨТТІ

 «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының конференция залында Түркістан облысының мәдениет басқармасы ұйымдастыруымен «Ұлттық диктант» жобасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама әр азаматқа сауатты жазудың тек білім өлшемі емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік, мәдени қатысым және тілге деген құрметтің көрінісі екенін ұғындыруға бағыттау болып табылады.

Аталған шараға Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері мен тіл жанашырлары қатысты.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі