
Түркістанның рухани төрінде өтіп жатқан дәстүрлі Республикалық «Түркістан дауысы» эстрадалық жас орындаушылар байқауының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқаудың мақсаты – дарынды, шығармашыл жастарды қолдау, олардың кәсіби тұрғыда дамуына мүмкіндік жасау, қазақ музыкасының үздік туындыларын кеңінен насихаттау және ұлттық эстрада өнерінің өркендеуіне үлес қосу.
Байқаудың бірінші күні қатысушылар Қазақстанның танымал композиторларының әндерін орындап, өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетті. Әрбір үміткер сахнада ерекше дайындықпен өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі