ТҮРКІСТАНДА КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

2025 жылғы 23 қазан күні Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында 24 қазан – Кітапханашылар күніне арналған «Кітап әлемінің музасы» атты салтанатты іс-шара өтті.

 Іс-шараның мақсаты – облыс кітапханаларының мәдениет пен руханият саласындағы еңбегін ұлықтау, үздік мамандарды марапаттау және кітапхана ісінің беделін арттыру болып табылады.

 Салтанатты іс-шараны Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Серікұлы Қойлыбаев ашып, мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар кітапхана қызметкерлерін марапаттады.

 Айта кетейік, салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтіп, облыс кітапханашыларының еңбегі еленіп, рухани ортамен ұштасқан шығармашылық пен шабыт мерекесіне айналды.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі