«Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық «Түркістан мақамдары» дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты - ұлттық тәрбиені, халықтық өнер мен тіл мәдениетін насихаттау, ұлттық дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ өскелең ұрпаққа рухани құндылықтарды сіңіріп, оңтүстік өңірінің дәстүрлі ән-терме мектебін жаңғырту.
Байқауға еліміздің әр аймағынан келген дәстүрлі әншілер мен термешілер өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар байқау талаптарына сәйкес оңтүстік өңірінің дәстүрлі әндері мен халық композиторларының шығармаларын орындады.
Нәтижесінде өнер иелерінің орындаушылық деңгейі мен сахна мәдениеті сарапталып, жеңімпаздар анықталды.
Байқау қорытындысымен Бас жүлде- Өмірғалы Мадияр І орын - Ибраев Абугали ІІ орын - Жанатова Арайлым ІІ орын - Турғанбек Жұлдызай ІІІ орын - Оңғарбай Айдос ІІІ орын - Акиева Аяжан ІІІ орын – Қайыржанова Гүлбағым мараптталды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы жүлделер мен дипломдар табысталды.
Айта кетейік, бұл байқау дәстүрлі өнердің дамуына серпін беріп, ұлттық мәдениетімізді кеңінен насихаттауға өз үлесін қосатын бірегей жоба болып табылады.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі