
Бүгін Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Суретшілер одағының мүшесі,«Қазығұрт ауданының құрметті азаматы» Қосуақов Құралбек Арынұлының «Қазығұрт - адамзаттың алтын бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, елімізге танымал суретшілер мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.Шара барысында Әзімхан Қойлыбаев пен Алтынсары Үмбетәлиев суретші Құралбек Қосуақовқа шығармашылық еңбегі мен өнер саласына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттарын табыстап, ізгі ниеттерін білдірді.
Айта кетейік, көрме барысында суретшінің шығармашылық жолы мен туындыларының мазмұнына арналған лебіздер айтылып, қылқалам шеберінің еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі