«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ДҮБІРЛІ ДОДАДА ҚОС АУДАН ТЕҢ ТҮСТІ

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ДҮБІРЛІ ДОДАДА ҚОС АУДАН ТЕҢ ТҮСТІ

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтті. Бұл жолы Сайрам ауданы мен Отырар ауданының өнерпаздары өзара өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Сахна төрінде қатысушылар ақындар айтысы, дәстүрлі өнер, ұлт аспаптар ансамблі, эстрадалық ән, би өнері, вокалды-аспаптық ансамбль, «Ауылдың алты ауызы» өнер түрлері бойынша бақ сынады. Нәтижесінде қос ауданның ұпайы тең түсті.

Фестивальде Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мейіржан Алиакбаров, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы, ақын Мұқағали Кенжетайұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Түркістан облысы филиалының төрағасы Тұрар Тілеулиев, ҚР Мәдениет саласының үздігі,  композитор, танымал продюсер Бағлан Омаров, Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының хореография жөніндегі маманы Ақниет Әмзехан төрелік етті.

Айта кетейік, фестивальдің негізгі мақсаты ұлттық мәдениет пен өнерді ұлықтау, халықтың рухани қазыналарын насихаттау, Түркістанның мәдени мәртебесін арттыру және туристік әлеуетін дамыту.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі