Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасына АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы 72 ағылшын тіліндегі кітапты сыйға тартты. Бұл кітаптар ағылшын тілін меңгеріп, білім мен мәдениетке қызығушылық танытатын оқырмандар үшін ерекше құндылыққа ие.
Кітаптарды ресми түрде АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулы Мишель Еркін ханым өз қолымен табыстап, бұл шара екі ел арасындағы мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болып табылады.
Айта кетейік, сыйға тартылған кітаптар қазіргі замандағы әдебиет, білім, ғылым және қоғамдық даму салаларын қамтиды. Олар ағылшын тілін үйренуге, таным көкжиегін кеңейтуге және жаңа білім алуға ұмтылатын жастар мен оқырмандар үшін тамаша мүмкіндік болады.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі