
Халықаралық деңгейде танылған музыкант көрерменге Бах, Бетховен, Шопен сынды классикалық композиторлардың үздік туындыларын орындап, түркістандықтар мен қала қонақтарына ерекше рухани кеш сыйлады. Концертте кешеннің артисі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, баритон Айдос Иманжаппаров пен белгілі тенор Жұмабек Қаңтарбаев өнер көрсетті. Жалпы жиында әйгілі Моцарттан бастап, Пуччини, Верди, Рахманинов, Бизе, Джордано, Д’Анибале секілді әлемдік музыка классиктерінің шығармалары орындалды.