«ОҚЫРМАН ІЗДЕЙМІЗ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА — «ПАРАҚТАН ПАРАСАТҚА» АТТЫ КЕШ ӨТТІ.

«ОҚЫРМАН ІЗДЕЙМІЗ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА — «ПАРАҚТАН ПАРАСАТҚА» АТТЫ КЕШ ӨТТІ.
Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының балалар бөлімі ұйымдастырған бұл танымдық кеш қаланың жас оқырмандарына ерекше көңіл-күй мен шабыт сыйлады.
 
Президент саябағында өткен шарада:
 
🔸кітап көрмесі мен шығармашылық тапсырмалар
 
🔸 «Тапқыр бол, шатаспа, қазынаға жет!» атты сергітетін танымдық ойын
 
🔸 мольбертте табиғат аясында сурет салу
 
🔸 викториналық сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды
 
Шараның мақсаты — балаларды кітап оқуға ынталандыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру және шығармашылыққа баулу.
 
Шара соңында белсенді қатысқан балаларға естелік сыйлықтар табысталды.
 
Жаз мезгілінде осындай ашық алаңда өткізілген кеш – кітаппен дос болудың тағы бір жарқын дәлелі болды.