«Тіл шебері» республикалық байқауы өтеді

«Тіл шебері» республикалық байқауы өтеді
Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті «Тіл шебері» республикалық байқауын өткізеді.
 
Түркістан қаласында өтетін байқауға облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өткен өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
 
Байқау үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілердің арасында өтеді.
 
Байқаудың өтетін орны: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, 28-үйде орналасқан «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы.
 
Басталу уақыты: сағат 10.00.
 
Байланыс телефондары: 8(775)-000-92-98.