
Айта кетейік, мұнда Президенттің қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталды. Еліміздің әр өңірі бір нысаннан салып береді. Кеше Маңғыстау Достық үйінің құрылысын бастаса, Шымкент шығармашылық орталықты, Түркістан көрме орталығын, Астана келешек мектебін, Ақтөбе жекпе жек орталығын, Павлодар облысы Үстел теннисі орталығын салуды, Шығыс Қазақстан Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр.