
Өзге өңірлермен қатар түркістандық өнерпаздар әннен шашу шашты. Атап айтсақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері Айжан Тәженова, Бақытжан мен Айжан Мұстафаевтар, Еламан Маратов және Бекзат Төребек өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.