ТҮРКІСТАНДА КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
🔹ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай елімізде жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттыруға бағытталған түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі де бірегейі –мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби жетістіктерін дәріптеуге бағытталған «Кәсіподақ және жұмысшы мамандық» жобасы. Аталған жоба аясында бүгін «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалы және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана саласы бойынша «Үздік жұмысшы маман» атты облыстық байқауы өтті.
 
🔹Аталмыш байқауға облыстың әр ауданынан кітапхана саласында табысты еңбек етіп жүрген 14 кітапханашы қатысып, өзара сайысқа түсті. Байқаудың негізгі мақсаты – кітапханашы мамандығының маңызын арттыру, сала қызметкерлерінің қоғам алдындағы беделін көтеру, үздік мамандарды анықтап, оларға қолдау көрсету, сондай-ақ шығармашылық әлеуетті арттыру.
 
🔹Кәсіподақ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Асылхан Темірханұлы, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени құдылықтарды қорғау бөлімінің бас маманы Нұрдаулет Келдібекұлы және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының екінші дәрежелі кітапханашысы Мейрамкүл Сұлтанбекқызы байқауға әділ қазылық етті.
 
🔹Іс-шара барысында қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті:
 
⚜️I кезеңде кітапханашылар өз-өзін таныстырды.
⚜️II кезеңде кітапханалық қызмет туралы дайындаған бейнеролигін көрсетті.
⚜️III кезеңде дайындалған викториналық сұрақтарға жауап беріп, кәсіби біліктілігін көрсетті.
 
🔹Қазылар қатысушылардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби дайындығын, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетін, жауапкершілігін, зияткерлік деңгейін ескере отырып, үздіктерді анықтады.
 
🔹Әділ қазы алқаларының шешімімен
 
🥉III орын Отырар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Рысалды Есілбекқызына,
🥉III орын Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Айсұлу Тұрарбекқызына,
🥈II орын Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Мақпал Маратқызына,
🥇I орын Мақтаарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Сымбат Асанқызына,
🏆Бас жүлде Арыс аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Гүлайхан Жаңабайқызына бұйырды. Қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
 
🔹Шара соңында барлық қатысушыға арнайы дипломдар мен қаржылық ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының және «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының арнайы сыйлығы лайықты иелерін тапты.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі