ТҮРКІСТАНДА МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ БАЛАЛАРҒА КИНО КӨРСЕТІЛІМ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ БАЛАЛАРҒА КИНО КӨРСЕТІЛІМ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» және «Оңтүстікфильм» мекемесі ұйымдастыруымен балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті.
 
Іс-шара аясында қаладағы ойын-сауық орталығының кинотеатр залында бүлдіршіндерге арналған «Lilo & Stitch» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетілді. Шараның басты мақсаты балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастыру болды.
 
Көрсетілімнен кейін балаларға дәмді тағамдар ұсынылып, балмұздақ таратылды. Сондай-ақ, ойын-сауық орталығындағы түрлі аттракциондар мен ойын алаңдарында еркін ойнап, қызықты уақыт өткізді. Олар батутта секіріп, доппен ойнап, карусель мен түрлі ойын құрылғыларында ойнап, нағыз мерекелік көңіл-күйді сезінді.
 
Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – бұл игі шараның басты нәтижесі. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағын қалыптастыруға және олардың жүрегінде ұмытылмас естеліктер қалдыруға бағытталған.