ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Тіл саласындағы өзекті мәселелер аясында Түркістан облысы Төлеби ауданында облыстық семинар өткізілді. Іс-шараны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Тілдерді оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырды. Оған Алматы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысының мәдениет басқармасының тіл жанашырлары мен ғалымдары, ономастика саласының сарапшылары және білім беру ұйымдарының өкілдері, кәсіби коуч, тәжірибелі психолог және облысқа қарасты қала, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас мамандары, сондай-ақ Тілдерді оқыту және дамыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері және оқытушылары қатысты.
 
Семинарда орталық оқытушылары тәжірибе алмасып, пікір бөлісті. Облыстық семинарды Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев арнайы ашып, өңірдегі Тілдерді оқыту және дамыту орталықтарының жай-күйі туралы таныстырды. Сауатты жарнама мәселесін көтерді. Сонымен қатар іс-шара барысында аудандағы Тілдерді оқыту және дамыту орталығы оқытушыларының әдістемелік құралдарымен және электронды оқулықтарымен танысып, өз тәжірбиелеріне енгізуге ниет білдірді.
 
Қатысушылар мен қонақтар ауқымды іс-шараны жоғары деңгейде бағалап, атсалысқан барша қызметкерлер мен тәжірибе таратқан оқытушыларға алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай семинарлар өз жалғасын тапса екен деген ұсыныстарын да жеткізді.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі