ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ КӨРСЕТІЛІМ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ КӨРСЕТІЛІМ ӨТТІ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жібек жолы» саябағында ерекше форматтағы мәдени шара өтті. Шараны «Оңтүстікфильм» мекемесі ұйымдастырды.
 
🔹Кішкентай көрермендер ашық аспан астында «Мұзды өлке 2» (Frozen II) анимациялық фильмін тамашалады. Жаһандық танымалдылыққа ие туынды қазақ тілінде көрсетілді.
 
🔹Фильмді ана тілімізге бейімдеу барысында аудармашылар отандық әдебиетпен үндестік орнатып, Абай Құнанбайұлының «Күз» және «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» атты лирикалық туындыларынан үзінділерді шебер қолданған. Бұл тәсіл мультфильм мазмұнын ұлттық рухпен әрлеп, көрерменге терең әсер қалдырды.
 
🔹Мерекелік кеш балалар ән шырқап, аниматор-кейіпкерлермен бірге би биледі. Мұндай көрсетілімді алдағы жаз айларында да өткізу жоспарлануда.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі