ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
🔹Түркістан өңірінің өнерпаздары Түркия мемлекетінің Анталия қаласында VІ Халықаралық «Yörük Türkmen» мәдениет фестивалінде өнер көрсетеді. 30 мамыр мен 1 маусым аралығында өтетін шара Түркі елдерінің мәдени байланыстарын нығайтуға бағытталған.
 
🔹Бүгін фестиваль қатысушылары мен ресми өкілдердің қатысуымен форум өтті. Оған Түркістан облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы, ақын Мұқағали Кенжетайұлы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров қатысты.
 
🔹Халықаралық дәрежедегі шарада Қазақстанның атынан Түркістан музыкалық драма театры мен «Саялы Сарыағаш» этно ансамблі қатысып, еліміздің бай мәдениеті мен өнерін таныстырады.
 
🔹Анталия қаласының мэрі Muhittin Böcek қатысып, баяндама жасады. Форумға шетелдің 21 өкілі, ал Түркияның әртүрлі өңірлерінен 26 басшы қатысты. Бұл форумның мақсаты — көшпелі және жергілікті мәдени мұраны сақтап, түркі дүниесінің арасында тұрақты, мәдениетке негізделген ынтымақтастық желісін құру.
 
🔹Форум аясында қатысушыларға оның құрылымы, мақсаттары және болашақ жоспарлары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, форумның тұрақты хатшылығы, жұмыс топтары және ғылыми кеңес беру құрылымдары таныстырылды. Форумның төрағасы ретінде Muhittin Böcek сайланды, ал оның орынбасарлары ретінде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласы мен Қазақстанның Түркістан қаласының өкілдері тағайындалды.