Түркістан облысы мәдениет басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдар бойынша жария талқылау өткізілді.
Басқарма басшысының орынбасары Ә.Конысбековтің төрағалығымен өткен жиынға «АMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының заңгері Н.Естебеков, мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары қатысты.
Ә.Нұржанұлы өз кезегінде ішкі талдаудың бағыттарын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері туралы баяндады. Сонымен қатар жария талқылаудың маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Жиын барысында мәдениет және өнер мекемелері бойынша жүргізілген ішкі талдаулардың нәтижелері туралы қорытынды анықтамаларға енгізу үшін қосымша ұсынымдар берілді.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі