1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан қаласында «Балтандай» облыстық балалар өнер фестивалі өтті. Екі күнге созылған өнер додасы ән, би, сурет, терме және драма бағыттары бойынша ұйымдастырылды.
Фестивальдің соңғы күні эстрадалық ән және би жанрларымен қорытындыланды. Байқауға білікті де тәжірибелі қазылар алқасы төрелік етті. Атап айтқанда, Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мейіржан Әлиақбаров, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Үздік хореографы, «Бисұлтан» би ансамблінің балетмейстері, ХҚТУ «Спорт және өнер» факультетінің хореография мамандығы бойынша аға оқытушысы Гүлназия Тәуекелова, Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының фестивальдер мен байқаулар жөніндегі маманы Ахат Жеткербаев, вокал жөніндегі маман Айдос Әлқуат және хореография маманы Ақниет Әмзехан балалардың шығармашылық шеберлігіне, сахналық мәдениетіне, орындаушылық қабілетіне ерекше назар аударды.
Эстрадалық ән жанры бойынша жеңімпаздар тізімі:
• Бас жүлде: Елдос Бақдәулет (Түркістан қаласы)
• І орын: Талдыбай Райана (Шардара ауданы)
• ІІ орын: Түгелбай Ақтөргін (Түркістан қаласы)
• ІІ орын: Рахым Тояжан (Бәйдібек ауданы)
• ІІІ орын: Сейілбаев Нұрасыл (Сайрам ауданы)
• ІІІ орын: Мұстафа Рахым, Айдархан Нұрайым (Түркістан қаласы)
Би жанры бойынша:
• Бас жүлде: «Ақкербез» үлгілі би ұжымы (Сайрам ауданы)
• І орын: «AKA Dance» би ұжымы (Түркістан қаласы)
• ІІ орын:
• «Таңшолпан» би ұжымы (Қазығұрт ауданы)
• «Ханшайым» би ұжымы (Түлкібас ауданы)
• ІІІ орын:
• «Жұлдыз» би ұжымы (Сайрам ауданы)
• «Ай-Тұмар» би ұжымы (Сауран ауданы)
Бұдан бөлек, екі жанр бойынша үздік деп танылған би ұжымдары мен жас әншілерге арнайы жүлделер табысталды.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл фестиваль — өнерге құштар, ұлттық рухты бойына сіңірген жас дарындардың басын қосқан маңызды алаң болды.