«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «АҚМЕШІТ» ҮҢГІРІНДЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «АҚМЕШІТ» ҮҢГІРІНДЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
«Ақмешіт» үңгірі аумағында облыстың мәдениет қызметкерлері «Таза Қазақстан» іс-шарасын ұйымдастырып, табиғатты қорғауға өз үлесін қосты. Онда сенбілікке белсене қатысып, тарихи әрі киелі орындардың біріне сенбілік жұмыстарын жүргізді.
 
Сенбілік барысында үңгір маңы күл-қоқыстан тазартылып, табиғи ландшафтқа зиян келтірмей абаттандыру шаралары атқарылды. Қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын насихаттады.
 
Бұл шара – табиғатқа деген жанашырлықты арттырумен қатар, киелі мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Мәдениет қызметкерлерінің бұл бастамасы көпшілікке үлгі болары сөзсіз.
 
Айта кетейік, қазіргі таңда облыс бойынша 1780 тарихи-мәдени мұра объектісі есепке алынған. Бағдарлама аясында жыл басынан бері«Қызыл көпір» тарихи ескерткішіне, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығымен бірлесе отырып, «Гаухар ана» кесенесіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жоспарлы түрде бекітілген аумақтарда сенбілік ұйымдастырылады.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі