ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ «РУХАНИ ҚАЗЫНА – 2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ ҮЗДІК АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ «РУХАНИ ҚАЗЫНА – 2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ ҮЗДІК АТАНДЫ
Астана қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі ұйымдастырылды. Бұл –мәдениет саласында қалтқысыз еңбек етіп жүрген майталмандардың еңбегін бағалайтын, олардың кәсіби жетістіктерін ұлықтайтын мәртебелі шара.
 
Биылғы байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік мәдениет қызметкерлері бас қосып, тәжірибе алмасиы. Өз саласындағы үздіктер қатарын анықтады.
 
Осы айтулы фестивальге бірнеше бағыт бойынша мәдениет майталмандары Түркістан облысының намысын қорғады. Соның ішінде «Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері» номинациясы бойынша топ жарған Түлкібас кенттік клубының меңгерушісі – Бекбердиева Майра Тұртақызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы дипломымен марапатталып, жеңімпаз атанды!
 
Бұл жеңіс жеке табыс ғана емес, тұтас Түркістан өңірінің жетістігі деуге болады. Сан жылдар бойы ауылдық мәдениет үйінде жанашырлықпен еңбек етіп, халықтың рухани өмірін байыту жолында аянбай тер төгіп жүрген майталман маманның еңбегі ел деңгейінде лайықты бағасын алды.
 
Айта кетейік, 19 мамыр күні басталған фестивальге облыстан оншақты қызметкер қатысқан болатын. Сонымен қатар кәсіби мереке қарсаңында арнайы ұйымдастырылған форум мен музей конгресіне қатысып, тәжірибе арттырды.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі