
Кездесу аясында танымал абайтанушы, философия ғылымдарының докторы, теолог Досым Омаров «Абай іліміндегі адамның жетілу жолы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы байланысқа шығып, баяндама жасады. Сонымен қатар ғылыми басқосуға тарих және философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай қатысып, өзінің мазмұнды ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.