
Әзімхан Серікұлы 1973 жылы 29 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Корниловка ауылында дүниеге келген. Екі жоғарғы білімі бар.
Жұмыс телефоны: 8 - (72533) 5-87-00
Ұялы телефон: 8-701-715-89-34
Еңбек жолын 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұстаз жаттықтырушысы болып бастады.
2002-2005ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық спорт, туризм және жастар ісі бөлімінің бастығы.
2005-2006ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық білім және спорт бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2006 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында Түлкібас ауданы әкімінің көмекшісі қызметін атқарған.
2006-2008ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық қатынастар мониторингі бөлімінің бас маманы.
2008-2009ж.ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі заң департаменті нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу және құқықтық жұмыс басқармасының сарапшысы.
2009-2012ж.ж. ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сарапшысы.
2012-2013ж.ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі министр хатшылығының меңгерушісі.
2013-2015ж.ж. ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары. 2016 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы.
2016-2017ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімінің бас инспекторы.
2017-2018ж.ж. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-сі директорының орынбасары.
2019 жылдың шілде айынан бастап Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.
2020 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы мәдениет басқарма басшысының міндетін атқарып келді.
2020 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы.