ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАСАНДЫ КӨЛ САЛЫНУДА. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында Түркістан облысының құрылыс басқармасы тапсырыс беруші болып табылатын «Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықта қалалық саябақ салу (жасанды көл құрылысы)» нысанының құрылысы жүргізілуде. Басқарманың нысанға жауапты маманы Руслан Мүслімұлы Бегімбетов күнделікті құрылыс барысын қадағалап, жұмыстардың сапалы да бекітілген нормалар мен талаптарға сәйкес жасалуын қатаң бақылауда ұстауда.