ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРГЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРГЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е. Жұматай және Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М. Исаевпен бірге Түркістан облысы құрылыс басқармасының қызметшілерімен кездесу өткізді.

🔸Кездесу аясында Е. Жұматай мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытында мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды, оның ішінде мемлекеттік қызметке қабылдау мен босату, бағалау, тәртіптік жауапкершілігін қарау және тағы басқада өзгерістер жөнінде түсіндірілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілермен қоғамда болып жатқан Әдеп кодексіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.