ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА 220 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

▪️Түркістан облысында коммуналдық салада 2025 жылы 220 нысанның құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 121 нысан биыл аяқталуы қажет. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде коммуналдық нысандардың құрылыс барысы қаралып, атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.

▪️Облыс басшысы жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырып, жұмыс сапасына ерекше мән беруді ескертті.

📌– Биыл пайдалануға берілетін нысандардың құрылыс қарқынын күшейтіңіздер. Жұмыс барысын қатаң бақылауға алуды, сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Нұралхан Оралбайұлы