
1-9 мамыр аралығында Алматы облысындағы «Қапшағай» су қоймасында желкенді спорттан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа Алматы, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстарынан және Алматы мен Қонаев қалаларынан 70 үздік спортшы қатысты. Олар «Финн», «470», «Луч», «Луч-2», «Луч-радиал», «Луч-мини», «Лазер», «Оптимист», «Кадет» сайыстарында бақ сынасты.