Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен жылы қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасын жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданында ауданда ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді.
✔️Қала, кент және барлық ауылдық округтерде өткен жаппай сенбілік барысында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үйіргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Ал экожанашырлары республикалық, облыстық маңызы бар автожолдар мен ішкі көшелердің бойларын күл-қоқыстардан, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан арылтып, саябақтар мен гүлзарларда, скверлерде әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді.
✔️«Өзге өңірлерге қарағанда көктемі ерте келетін біздің ауданда санитарлық тазалық жұмыстары да ерте басталады. Бүгінде елді мекендерде күнделікті өткізіліп жатқан тазалық жұмыстарына қатысушылардың саны да күн санап артып келеді. Бұл – тұрғындарымыздың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы деп білеміз» дейді аудан әкімі Серік Мамытов.
✔️Айта кетейік, аталмыш сенбілікке 3 мыңға тарта адам мен 15 техника жұмылдырылып, 28 тонна қоқыс шығарылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі