Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАНДА БІРЛІК МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ
✔️Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимараты жанындағы аллеяда ҚХА-ның 30 жылдығы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Тұрақтылық – татулық тұғыры» атты іс-шара өтті.
✔️Достық пен татулықты паш еткен мерекелік шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, еңбек және шығармашылық ұжымдарының өкілдері, сондай-ақ облыс тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиынға қатысушылар алдымен іс-шара аясында этнос өкілдері ұйымдастырған қолөнер көрмесін тамашалады.
⤵️Салтанатты жиында жиналған жұртшылықты Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
📌– Бәріңізді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Біз, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Осы жылдар ішінде Ассамблея халқымыздың бірлігін нығайтуға елеулі үлес қосты. Еліміздегі тәуелсіздік пен теңдіктің, тұрақтылық пен татулықтың символына айналды. Таяуда Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV (34-ші) сессиясы өтті. Маңызды жиында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ассамблеяның қоғамды біріктіретін ұйымға айналғанын атап өтті. Түркістан облысында қазіргі таңда 2 млн 150 мыңнан аса адам тұрады. Өңірде қазақ халқымен бірге 50-ден аса этностың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Мемлекеттік тілді ұлықтау, ортақ тарих пен тағдырды құрметтеу – баршамызға ортақ міндет. Осы орайда, барлық азаматты ел болашағы үшін бірігіп әрекет етуге шақырамын. Шуақты мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен ынтымақ тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Мерекелік іс-шарада ҚХА-ның 30 жылдығына орай Түркістанда өткен «Бірлік» марафонының жеңімпаздары мен өңірдегі этносаралық татулықты, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.
✔️Бірлікке үндеген мерекеде «Жаңа леп» ұжымы, «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі, сондай-ақ «Самғау» және «Фараб» би ансамблдері, «Сарын» тобы өнерпаздарының арнайы әзірлеген өнерлері тарту етілді. Жергілікті өнерпаздар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері «Қазақтай ел қайда», «Домбыра», «Қазақ батырлары» т.б. патриоттық әндерін шырқап, би билеп, мерекенің ажарын аша түсті. Сондай-ақ шара барысында облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Фарит Аюпов және «Ассамблея жастары» РҚБ-і Түркістан облыстық өкілдігінің мүшесі Интизора Нусратуллаева сөз сөйлеп, еліміздегі бірлік пен бейбітшіліктің мән-маңызына тоқталды.
✔️Шара соңында қатысушылар «Түркістан» әнін хормен орындап, халқымыз тату-тәтті бірлікте болсын деген игі тілекпен тарқасты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_________
В ТУРКЕСТАНЕ ОТМЕТИЛИ ПРАЗДНИК ЕДИНСТВА НАРОДА
✔️ В аллее рядом с зданием «Дома дружбы» в городе Туркестан в рамках 30-летия Ассамблеи народа Казахстана состоялось праздничное мероприятие под названием «Стабильность – основа согласия», приуроченное к 1 мая – Дню единства народа Казахстана.
✔️В мероприятии, пропагандирующем дружбу и согласие, приняли участие представители этнокультурных объединений, трудовых и творческих коллективов региона, а также жители и гости области. Участники сначала ознакомились с выставкой декоративно-прикладного искусства, организованной этносами.
⤵️С собравшихся на торжестве поздравил аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров и выразил добрые пожелания:
📌– Поздравляю всех с Днём единства народа Казахстана. В этом году мы отмечаем 30-летие Ассамблеи народа Казахстана. За эти годы Ассамблея внесла весомый вклад в укрепление нашего единства. Она стала символом независимости, равенства, стабильности и согласия в стране. Недавно в Астане прошла XXXIV (34-я) сессия Ассамблеи народа Казахстана. На важном мероприятии Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич отметил, что Ассамблея стала объединяющей силой общества. В Туркестанской области сегодня проживает более 2 миллионов 150 тысяч человек. Наряду с казахским народом в мире и согласии живут представители более 50 этносов. Продвижение государственного языка, уважение к общей истории и судьбе — общая обязанность каждого. В этой связи призываю всех граждан к объединённым усилиям во имя будущего страны. В этот светлый праздник желаю вам крепкого здоровья, счастья и согласия в ваших семьях! – сказал Нуралхан Кушеров.
✔️В рамках праздничного мероприятия были награждены победители марафона «Бірлік», прошедшего в Туркестане к 30-летию АНК, а также ряд граждан, внесших вклад в укрепление межэтнического согласия и общественного единства в регионе.
✔️Праздничную атмосферу дополнили выступления творческих коллективов: ансамбля «Жаңа леп», фольклорного ансамбля «Алқоңыр», танцевальных групп «Самғау» и «Фараб», музыкальной группы «Сарын». Местные артисты и представители этнокультурных объединений исполнили патриотические песни «Қазақтай ел қайда», «Домбыра», «Қазақ батырлары» и другие, а также исполнили национальные танцы.
✔️В завершение мероприятия прозвучала песня «Түркістан», которую исполнили все участники хором, пожелав стране единства и благополучия.
Пресс-служба акима Туркестанской области