
Оған қоса, жалпыаудандық сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстары барысында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған бейберекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау, шөптерді ору, ағаш түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сенбілікке 800-ден аса адам қатысып, 4 тонна қоқыс шығарылып, 4 техника жұмылдырылды.