Жаңалық

Жаңалық
ЖАҢАРУ КҮНІ: ТҮРКІСТАНДА «НАУРЫЗ - ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ» ТИМБИЛДИНГІ ӨТТІ
«Наурызнаманың» онкүндігі аясында Жаңару күні Түркістанда «Наурыз - тазалықтан басталады» тимбилдинг өтті. «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» аясында өтетін іс-шараның мақсаты мақсаты – жастарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру және табиғатты қорғауға үлес қосу. Жастар ресурстық орталығының директоры Ернар Бектаевтың айтуынша, жастар арасында экомәдениетті қалыптастыру қарқын алған.
«Түркістан облысында «Таза Қазақстан» тек бір реттік науқандық емес, экологиялық сананы орнықтыру мақсатындағы тұрақты дағдыға айналған іс-шара ретінде өткізілуде. Жыл басынан бері акция аясында 150-ден астам шара өтіп, 7000-ға жуық жас қамтылды. 140-тан астам сенбілік, 9 тазалық эко-челленджі, 7 «Эко марафон» өткізілді. Белсенді азаматтар, жастар, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері және аналар алқаларыда іс-шараға өз үлестерін қосты», деді Ернар Бектаев.
Тимбилдингке 14-35 жас аралығындағы ерікті жастары қатысты. Әр команда құрамында 10 ерікті жас бар. Қаратау қорығынан Хантағы елді мекеніне дейінгі жол бойындағы қоқыстарды жинаған жастар пластикалық пакеттер мен ыдыстарды жинап, қайта өңдеуге жолдады. Бұлақ көздерін ашып, судың еркін ағуын қамтамасыз етті.
Сондай-ақ Жаңару күнінің құрметіне Түркістан қаласында 1000 ағаш егілді.
«Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-нің директоры Конурбаев Нурахметтің сөзінше апта сайын көне шаһарда сенбілік шаралары жасалуда. Бүгінгі таңда аудан, қала аумағында 415 мыңнан аса түп ағаш отырғызылып, су жүйелерімен қамтамасыз етіліп, қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Атап өтейік, Түркістан облысында көктемгі ағаш егу және тазалық шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған шараға барлық аудан, қалалардан жалпы алғанда, 235 мыңнан аса тұрғын белсенділік танытып, өз қалалары мен ауылдарын тазартуға үлес қосты. Қала мен ауыл көшелерін тазалауға 1263 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 5 207 тонна қоқыс шығарылды.
Өңірде «Таза Қазақстан» аясында екінші жыл қатарынан «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы бастау алды. Сондай-ақ «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық ағаш отырғызу челленджін өткізу жоспарлануда. Жоба мақсаты – отбасыдағы әкенің рөлін, отбасылық құндылықты көтеру. Бұдан бөлек, «Экологиялық қолөнер» көрмесін өткізу жоспарлануда.
_______________
ДЕНЬ ОБНОВЛЕНИЯ: В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЕЛ ТИМБИЛДИНГ «НАУРЫЗ - НАЧИНАЕТСЯ С ЧИСТОТЫ»
В рамках декады «Наурызнама» в Туркестане прошел тимбилдинг "Наурыз - начинается с чистоты". Целью мероприятия, организованного "Молодежным ресурсным центром" в рамках «Таза Қазақстан», является воспитание экологической культуры молодежи, поощрение ответственного отношения к окружающей среде и содействие сохранению природы.
По словам директора Молодежного ресурсного центра Ернара Бектаева, среди молодежи набирает обороты формирование экокультуры.
«В Туркестанской области «Таза Қазақстан» проводится не только как разовая акция, но и как мероприятие, ставшее постоянным навыком для укрепления экологического сознания. С начала года в рамках акции проведено более 150 мероприятий, охвачено около 7000 молодых людей. Проведено более 140 субботников, 9 ЭКО-челленджей чистоты, 7 «Эко марафонов». Активное участие в мероприятии внесли граждане, молодежь, депутаты маслихатов, акимы районов, представители интеллигенции и матери», - сказал Ернар Бектаев.
В тимбилдинге приняли участие волонтеры в возрасте от 14 до 35 лет. Каждая команда состоит из 10 молодых добровольцев. По дороге от Каратауского заповедника до населенного пункта Хантаги, молодежь собрала мусор, пластиковые пакеты, тару и направила их на переработку. Очистили родники и обеспечили свободный поток воды.
Также в честь Дня обновления в городе Туркестан было посажено 1000 деревьев.
По словам директора ТОО «Туркестан Жарык-Тазалык» Конурбаева Нурахмета, еженедельно проводятся субботники в древнем городе. На сегодняшний день на территории района, города высажено более 415 тысяч деревьев, обеспечены водными системами, ведутся работы по ограждению.
Отметим, что в Туркестанской области проводится весенняя посадка деревьев и уборка. В мероприятии приняли участие более 235 тысяч жителей всех районов и городов, которые внесли свой вклад в уборку своих городов и сел. В уборке улиц города и сел задействовано 1263 единиц спецтехники. В результате вывезено 5 207 тонн мусора.
В регионе в рамках «Таза Қазақстан» второй год подряд стартовал областной конкурс «Образцовый аул». Также планируется проведение челленджа по посадке саженцев всей семьей «Отбасы – бақытты мекені». Цель проекта - подчеркнуть роль семейного института отца, повысить семейную ценность.
Кроме того, планируется проведение выставки "
«Экологические ремесла». Цель проекта - проведение выставку поделок из отходов пластических и полителеновых веществ с целью защиты экологии.